55223027_2
фото-1
казахстан

БОС ОРЫНДАР (ВАКАНСИИ)

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!!

КОНКУРС


«Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі»

мемлекеттік мекемесіне қарасты

"Әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

төменде көрсетілген бос лауазымдарға конкурс жариялайды


Қатар саны Лауазым атауы Лауазым түрі  Сағат жүктемесі Жарияланған күні Аяқталу күні
1 Математика пәні мұғалімі Уақытша (Турсунбаева Рагинаның орнына) 16 сағат 12.10.2023 20.10.2023

Мемлекеттік білім беру ұйымының  толық атауы мен орналасқан мекен-жайы: "Әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ. Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылы, Ғ.Бабажанов көшесі № 3 ғимарат.

Электрондық адрес:  tyr_ikan@mail.ru

Конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі және қабылдау орны: «Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты "Әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ. 

Конкурсқа қатысуға қажетті өтінім:  «Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты "Әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектеп" КММ - нің http://iqan.edu.kz/vacancy парақшасында және Facebook әлеуметтік желісіндегі https://www.facebook.com/ikan.mektebi парақшасында конкурс өткізілетіні туралы хабарлама жариялаған күннен бастап 7 күнтізбелік күнде жүзеге асырылады, (құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру  жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі).

Көрсетілетін қызметті берушіден өтінішті қабылдау, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар:

- жоғары білімді;

- күндізгі бөлімде, оқыған;

- педагог санаты бар;

- компьютерде жұмыс жасай білуі және құжаттарды даярлауға арналған бағдарламаларды қолдана білуі.

 

Құжаттар тізімі: 

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.

11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.


11 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтың уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаса, кандидаттың конкурсқа қатысу үшін берген құжаттарын қабылдаудан бас тартылады.

Кандидат конкурсқа қатысу үшін білім беруді басқару органының қарауына өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыруы, ғылыми зерттеулері, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтауы, наградалары туралы материалдарды ұсынуға құқылы. Құжаттарды қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

Конкурс БҒМ 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 513 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.


Жүктеп алу үшін материалдар: PDF_file_icon.svg  Өтініш   PDF_file_icon.svg Бағалау парағы  

Оқу үшін сілтеме: 1_JrAzW_9V_I5pPMUJKiuDAQ Білім және ғылым министрінің бұйрығы


Ақпараттың дәлдігі үшін:

Мекенжай: Түркістан облысы,  Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылы, Ғ.Бабажанов көшесі  № 3 ғимарат.

Электрондық мекенжай: tyr_ikan@mail.ru

Тел.: +7 725 452 42 52

 

Сұрақ қою
Назар аударыңыз! Жіберілген хабарлама сайт әкімшісі тексергеннен кейін ғана пайда болады!
Түркістан облысы, Сауран ауданы,
Ескі Иқан ауылдық округі, Ескі Иқан ауылы,
Г. Бабажанов көшесі, №3 ғимарат
Записаться
это поле обязательно для заполнения
Ваше имя:*
это поле обязательно для заполнения
Телефон:*
это поле обязательно для заполнения
E-mail:*
это поле обязательно для заполнения
Область ввода:*
это поле обязательно для заполнения
Галочка*
Спасибо! Форма отправлена