1. Азаматтың жеке басына қатысты мәліметтер.
Мамадалиева Махсуда Бабажановна 1972 жылы 5 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Ескі Иқан ауылында дүниеге келді. Қазақстан Республикасының азаматы.
Ұлты – өзбек.
2. Білімі туралы мәлімет.
1989 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Ескі Иқан ауылындағы «БЛКЖО - ның 50 жылдығы» атты орта мектепті бітірді. 1990 жылы Гүлистан Мемлекеттік педагогикалық университетінің педагогика және психология факультетіне оқуға түсіп, 1994 жылы бітірді. 2002 жылы Қазақстан-Ресей қазіргі заманғы гуманитарлық университетінің филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірді.
Білімі – жоғары. Біліктілік санаты – жоғары, педагог-шебер. Үшінші санатты басшы.
Қазақ, өзбек және орыс тілдерін біледі. Үш тілде іс қағаздарын жүргізе алады.
3. Кәсіби тәжірибесі мен кәсіби біліктілігі.
2001 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы Ескі Иқан ауылында орналасқан «Иқан» жалпы орта мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жұмысқа қабылданды. 2002 жылдан 2005 жылға дейін педагог-психолог болып жұмыс істеді. 2005 жылдан 2020 жылға дейін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымдық қызметін атқарды. 2020 жылдан мектеп директоры қызметін атқарып келеді.
2016 жылы Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқу орыс тілінде жүргізілетін мектептердегі «Қазақ тілі» пәні бойынша, Қазақстан Республикасы педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» білім беру бағдарламасы бойынша, «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша, 2018 жылы Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша, 2021 жылы «Қашықтықтан оқыту жағдайындағы педагогикалық менеджмент» біліктілікті арттыру курстарында оқып, сертификатталды.
Жоғары біліктілігінің арқасында мектепішілік, қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі іс-шараларда көшбасшылық қабілетімен белсенділік танытып келеді. Атап айтатын болсақ, 2012, 2013 жылдары мектеп оқушылары арасында жалпы пәндер бойынша Қарағанды, Тараз қалаларында өткізілген республикалық олимпиадаларда, 2013 жылы Нұр-Сұлтан қаласында, 2016 жылы Алматы қаласында болып өткен «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасында шәкірттері терең білімдерімен дараланып алтын, күміс медалдармен қатар еліміздегі ең таңдаулы жоғары оқу орындарындарының білім гранттарын жеңіп алды. 2015 жылы Мамадалиева Махсуда «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталағының ұйымдастыруымен өткізілген мұғалімдер олимпиадасында 2-орынды иеленді.
3. Сүйікті істері, әуесқойлығы.
Газет-журналдар, көркем әдебиеттер оқуды, табиғатта серуендеуді, спортпен шұғылдануды ұнатады.
4. Қосымша мәліметтер.
Қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысады. 2005 жылы Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидатты қолдау жөніндегі қоғамдық штабта атқарған жұмыстары үшін Елбасының «Алғыс хатымен» марапатталды.
Еселі еңбектерінің арқасында бір қанша рет Түркістан қаласы әкімінің, Түркістан қалалық білім бөлімінің құрмет грамоталарымен марапатталды.
2010 жылы нәтижелі еңбектері үшін 2 рет Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының алғыс хатымен марапатталды. 2012 жылы республикалық олимпиада жеңімпаздарын дайындағаны үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің, ОҚО әкімінің, ОҚО білім басқармасының құрмет грамоталары және бағалы сыйлықтарымен марапатталады. 2013 жылында да республикалық олимпиада жеңімпаздарын дайындап, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің, КАТЕV Халықаралық қоғамдық қорының, ОҚО әкімінің, 2 рет Оңтүстік Қазақстан облыс білім басқармасының құрмет грамоталарымен, 2015 жылы еліміздің рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Құрмет грамотасымен», «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталықтың дипломымен, 2016 жылы республикалық олимпиада жеңімпазын дайындап, Оңтүстік Қазақстан облысы білім, жастар саясаты, тілдерді дамыту басқармасының және КАТЕV Халықаралық қоғамдық қорының грамоталарымен, 2017 жылы қазақ тілі пәнінен облыстық олимпиада жүлдегерін дайындағаны үшін Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының құрмет грамотасымен, 2018 жылы өскелең ұрпақ тәрбиелеу жолындағы қажырлы еңбектері үшін Кентау қалалық маслихаттың құрмет грамотасымен марапатталды. 2019 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Алғыс хаты», 2020 жылы Түркістан облысы бойынша «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігі төрағасының «Алғыс хаты», Үлес» қайырымдылық қорының «Өнегелі азамат» төсбелгісі, 2021 жылы «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісі, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының «Алғыс хаты», «Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Сауран ауданы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. 2022 жылы Қазақстандағы өзбектері этномәдени қоғамдық бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығының төсбелгісі, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы «Білім беруді дамыту орталығы» директорының «Мадақтамасы», Сауран ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының «Алғыс хаты», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ақпараттық талдау орталығы» АҚ-ның мектепке «Алғыс хаты», 2022 жылы «АMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы атқарушы хатшысының «Алғыс хатымен» марапатталды.
Мектепте кәсіподақ ұйымының мүшесі.
Лауазымдық міндетін зор жауапкершілікпен атқарып келеді, соның нәтижесінде 2013 жылғы ҰБТ-ның қорытындысы бойынша «Иқан» жалпы орта мектебі Түркістан қаласында рейтинг бойынша І орынға тұрақтады және Қазақстан Республикасындағы «Ең үздік 100 мектеп» қатарына енді.
2018 жылы мектеп оқушылары арасында өткізілген олимпиада, байқаулар қорытындысы бойынша да мектеп екінші рет Қазақстан Республикасындағы «Ең үздік 100 мектеп» қатарына енді.