Нарметова Альтинай Дильмуратовна
Бастауыш сынып мұғалімі
Білімі: жоғары, Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ, 2011 жыл
Мамандығы: Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
Еңбек өтілі: 14 жыл
Марапаттары:
• Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында ІІ деңгей бағдарламасы бойынша оқыту курсы бойынша сертификат ІІ ММК № 0041102, 05.05.2017
• «Бастауышсынып мұғалімдерінің кәсіби құзіреттіліктерін дамыту» бағдарламасы бойынша оқыту курсы бойынша сертификат № 0316530, 23.08.2019 жыл, Өрлеу
• «Бастауыш мектептегі сабақ: басымдылықтар және жетілдіру стратегиялары» бағдарламасы бойынша сертификат 04.08 2022 жыл, ПШО
• 2017 жылы «Иқан» жалпы орта мектебінде «Формативті бағалауды қолдану арқылы кәсіби қоғамдастықта мұғалімдердің шеберлігін дамыту және қалыптастыру» тақырыбы аясында өткен қалалық семинарда үлгілі сабағын ұсынып, озат тәжірибесімен бөліскені үшін ҚББ-нің Мақтау қағазымен марапатталды.
• 2018 жылы Бастауыш сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиадаға оқушысын шығармашылыққа үйретіп, дарындылық жолына жетелегені үшін РББ –нің Мақтау қағазымен марапатталды.
• 2018 жылы озық іс-тәжірибесі әдістемелік жинақ ретінде қала көлемінде таратылды. (Түркістан қалалық білім бөлімінің 22.01.2018 жылғы № 56 бұйрығы).
• 2018 жылы Қалалық бастауыш сынып мұғалімдері олимпиадасына қатысып. ІІ орын иелегені үшін ҚББ-нің Мақтау қағазымен марапатталды.
• 2019 жылы Қаламыздың өскелең ұрпағына тәлім -тәрбие берудегі жеткен жетістіктері мен білім беру саласындағы тынымсыз еңбегі үшін «Мұғалімдер күні» мерекесіне орай ҚББ-нің Мақтау қағазымен марапатталды.
• 2020 жылы Daryn.online білім беру платформасында І Республикалық «Кемеңгер ұстаз» олимпиадасына қатысып ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
• 2021жылы «Жас математик» І Республикалық зияткерлік олимпиадасының жеңімпазын дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
• 2021 жылы «ТАҒЫЛЫМ» республикалық ғылыми әдістемелік журналы ұйымдастырған «Үздік педагогикалық мақала» конкурсының «Үздік сабақ жоспар» номинациясы бойынша І орын алғаны үшін дипломмен марапатталды. (№2021.03-86-)
• 2021 жылы Daryn.online білім беру платформасында І Республикалық бастауыш сынып мұғалімдері олимпиадасына қатысып ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
•
• 2021 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚББ нің Алғыс хатымен марапатталды.
• 2022 жылы Ұлы дала ұстазы журналы ұйымдастырылған «ҚР –ның педагогтарының 2021-2022 оқу жылында жариялаған 100 үздік мақаласы» атты халықаралық шығарылымының «Үздік зерттеуші ұстаз - 2022» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды.
• 2022 жылы озық іс-тәжірибесі әдістемелік жинақ ретінде облыс көлемінде таратылды. (Түркістан облысы білім беруді дамыту орталығы 24.03.2022 жылғы № 54 бұйрығы).