55223027_2
фото-1
казахстан

ПЕДАГОГТЕРДІ ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ

Үздік педагогтермен бірге жарқын болашаққа!

КОНКУРС

Жалпы ережелері

Міндеттері:

    Жоғары педагогикалық немесе кәсіптік білім. Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары немесе арнайы оқу орнынан, санаты жоқ маман, бейініне сәйкес жоғары педагогикалық білімі, ҰБТ (ұлттық біліктілік сертификат), алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныс хат (еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде), кәсіби жетістіктерінің көрсеткіші, курстық дайындық (сертификат).

    Конкурс хабарландыру жарияланған сәттен жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

    Конкурсқа құжаттар жеті жұмыс күн аралығында қабылданады.

Лауазымдық міндеттері:

    Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі. Білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады. Пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім үшін жиынтық бағалау және тоқсан үшін жиынтық бағалау үшін тапсырмалар жасайды. Оқу процесінде қарапайым бағдарламалық қамтамасыз етуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қосымшаларын пайдаланады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес тұлғалық, Жүйелік-қызметтік, пәндік нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Оқу бағдарламаларын, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыларға арналған бағдарламаларды әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді.

    Психолог үшін қосымша: Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмір және денсаулық қауіпсіздігіне жауап береді. Ата-аналармен немес оларды алмастырушылармен байланыс орнатады.

    Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы" заңдары, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер. Оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі, педагогика мен психология, пәнді оқыту әдістемесі, тәрбие жұмысы, оқыту құралдары және олардың дидактикалық мүмкіндіктері, педагогикалық этиканың нормалары, медиация техникасы және қақтығыстарды шешу мүмкіндігі, оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптар, құқық негіздері және еңбекті, экономиканы ғылыми ұйымдастыру, еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

    Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

   1) осы Қағидаларға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы комиссия төрағасының атына жазылған өтініші;

   2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

   3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

    4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

    5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

    6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

   7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

   8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

   9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

   10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

   Конкурсқа қатысушы, болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәреже мен атақ беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орындағы басшылық берген ұсынымдар) ұсынады.

   Конкурс жарияланғаннан соң 7 (жеті) жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияға сағат 09.00. ден 18.00. ге дейін қабылданады. 

Педагог-психолог
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Ұйымдастырушы педагог
Тарих пәні мұғалімі

Жаббаркулова Гулбахор және Гайратова Нигораларды жеңімпаз атанғаны үшін құттықтаймыз!

Мектеп туралы:
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ САУРАН АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
 
Мекен-жайы : 
Түркістан облысы, Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылы, Г.Бабажанов көшесі, № 3 ғимарат
 
Электрондық пошта: 
tyr_ikan@mail.ru

 

Байланыс нөмірі:

+7 776 554 68 68

 
schimage
Түркістан облысы, Сауран ауданы,
Ескі Иқан ауылдық округі, Ескі Иқан ауылы,
Г. Бабажанов көшесі, №3 ғимарат
Записаться
это поле обязательно для заполнения
Ваше имя:*
это поле обязательно для заполнения
Телефон:*
это поле обязательно для заполнения
E-mail:*
это поле обязательно для заполнения
Область ввода:*
это поле обязательно для заполнения
Галочка*
Спасибо! Форма отправлена