Кітапхана – ақпарат орталығы.
Бүгінгі таңда мектебіміздің кітапханасы заманауи үлгіде жабдықталып, кітап қорымен байытылған. Мектеп кітапханасы – бұл ақпарат және рухани, адамгершілік – зиялылық, эстетикалық даму орталығы. Жақсы кітапханасы жоқ мектеп білім беру және тәрбие қызметін жоғары деңгейде атқара алмайды.
Мектеп оқу – тәрбие процесінің талаптарын басшылыққа ала отырып, оқушылардың кітапханаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру, оларға кітаптармен жұмыс жасай білуге үйрету – кітапхана қызметінің негізгі міндеттерінің бірі. Оқушылар олимпиадаға дайындалу үшін кітаптарды және де басқа да ақпарат көздерін белсенді пайдаланады.
Кітапхана алаңы – 63,4 кв.м, оқу залында 8 орындық бар. Кітап қоры 52023 данаға артты, 971 дана көркем әдеби кітаптар бар. Оның ішінде 51052 – оқулық, 56 - әдістемелік құралдар, 120 аудио кітаптар. Кітаптан бөлек кітапхана мемлекеттік және орыс тілінде шығатын мерзімді баспасөз өнімдерін алып тұрады.