55223027_2
фото-1
казахстан

Бейінді оқытуды іске асыру

 Білім алушылардың жеке мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып, бейінді оқытуды іске асыру
          Жалпы орта білім берудің негізгі міндеттерінің бірі ол міндетті оқу пәндері мен элективті бейіндік оқу пәндерін үйлестіру негізінде жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда бейінді оқытуды жүзеге асыру.
Меншік және оқыту түріне қарамастан, білім беру ұйымдарына оқу процесін жүзеге асыруда педагогикалық кеңестің шешімі негізінде Үлгілік оқу жоспарын таңдауға академиялық еркіндік беріледі
Бейіндік оқыту «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу ағарту және ғылым  министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің жалпыға міндетті стандарт»  талаптарына сәйкес орындалуда.
10-11-сыныптар химиялық-биологиялық және физика-математикалық бағытта   бейіндік оқытуды жүзеге асырады.
Бейіндік оқыту әрбір оқушының өзіндік білім беру траекториясын өз бетінше саналы түрде қалыптастыру негізінде кәсіби саласын өздігінен анықтауға жағдай жасауды көздейді. Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектепті  жоғары сатысында дамытудың жаңа тұжырымдамасы білім беруді даралауға және оқушыларды әлеуметтендіруге, оның ішінде еңбек нарығының заманауи қажеттіліктерін ескере отырып, бейіндік білім беруді көздейді.
Мақсатқа жету келесі міндеттер арқылы жүзеге асырылады:
 1) оқушылардың қабілетіне, бейімділігіне сәйкес саналы кәсіби өзін-өзі анықтауына психологиялық-педагогикалық жағдай жасау, жас ерекшеліктерін, қоғамның, қаланың кадрларға қажеттілігін ескере отырып, қоғамда әлеуметтік және кәсіби бейімделу қабілетін қалыптастыру;
2) қолданбалы курстар, элективті курстар арқылы  оқыту бойынша 10-11 сынып оқушыларын бейіндік оқыту жүйесін құру;
3) кәсіптердің құрылымын түсіну үшін мектеп пәндерінің рөлін ашу, мектептегі пәндерді олардың әрі қарай тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті ағымдағы біліммен біріктіру;
4) жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы орта білім мазмұнын саралау, интеграциялау және кәсіптік бағдарлау үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
5) оқушыларды кәсіптік оқытуға бағытталған пәндер бойынша оқыту арқылы білім берудің одан әрі траекториясын анықтау;
6) білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында белгіленген оқу пәндерінің базалық деңгейінен асатын бейіндік пәндер бойынша білім алушыларды оқыту;
7) оқушыларды  сәйкес бейіндегі жоғары білім алуға бағыттау;
8) мәдениеті жоғары, қоғам өміріне бейімделген, кәсіби білім беру бағдарламаларын саналы таңдауға және дамытуға дайын интеллектуалды тұлғаны қалыптастыру.
Түркістан облысы, Сауран ауданы,
Ескі Иқан ауылдық округі, Ескі Иқан ауылы,
Г. Бабажанов көшесі, №3 ғимарат
Записаться
это поле обязательно для заполнения
Ваше имя:*
это поле обязательно для заполнения
Телефон:*
это поле обязательно для заполнения
E-mail:*
это поле обязательно для заполнения
Область ввода:*
это поле обязательно для заполнения
Галочка*
Спасибо! Форма отправлена