55223027_2
фото-1
казахстан

Білім алушылар контингенті

Сауран ауданының білім бөлімінің «Әл- Фараби атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

- деңгейлер бойынша, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар контингенті туралы мәліметтер:

Оқушылардың қозғалысына талдау жасау бағаланатын кезеңге МЖМББС сәйкес 1-4 сыныптарда оқу мерзімі 4 жыл, 5-9 сыныптарда 5 жыл, 10-11 сыныптарда 2 жыл.

Жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оныншы, он бірінші (он екінші) сыныптарына білім алушыларды қабылдау білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын білім алушылардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып және білім алушының жеке өтінішінің не олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтінішінің және негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжатының негізінде жүзеге асырылады.

2020-2021 оқу жылында жаз мезгілінде 1607 оқушыға 4 оқушы келді, 137 оқушы кетті. Оның ішінде 57 оқушы 11 сынып мектеп бітірушілері, 9-сынып бітірушілерінен 72 оқушы колледжге кеткен, 8 оқушы басқа мектептерге ауысқан, 1 сыныпқа қабылданған 163 оқушы, 1637 оқушы құрады.

2021-2022 оқу жылында 05.09.2021 жылдың басында 1637 оқушымен басталып, 1 жарты жылдықта келгені 4, кеткені 10 оқушы болып, жалпы 1631 оқушы құрады. ІІ жарты жылдығында 4 оқушы келді, 257 оқушы кетті. Оның 256-сы ауылдан жаңадан №1 ЖОМ ашылып, соған ауысты, сонымен жалпы 1378 оқушы құрады.

2021-2022 оқу жылында жаз мезгілінде 1378 оқушы құрамынан 16 оқушы келді, 190 оқушы кетті. Оның ішінде 88 оқушы 11 сынып бітірушілері, 9-сынып бітірушілерінен 67 оқушы колледжге кеткен, 1 оқушы басқа мектепке ауысқан. 1-сыныпқа 104 оқушы қабылданды.

2022-2023 оқу жылының басында 1308 оқушы құрады: 1-4 сынып аралығында 503 оқушы, 5-9 сынып аралығында 653 оқушы,10-11 сынып аралығында 152 оқушы. Ағымдағы оқу жылының 1 жарты жылдығында 16 оқушы келіп, 26 оқушы кетті. Жалпы  1298 оқушы құрады. ІІ жарты жылдығында 5 оқушы келді, 12 оқушы кетті, оның ішінде 1-4 сынып аралығында 497, 5-9 сынып аралығында 653, 10-11 сынып аралығында 141 оқушы. Сонымен жалпы 1291 оқушы құрады.

2022-2023 оқу жылында жаз мезгілінде 1278 оқушы құрамынан 7 оқушы келді, 156 оқушы кетті. Оның ішінде 66 оқушы 11 сынып бітірушілері, 9-сынып бітірушілерінен 74 оқушы колледжге кеткен, 2 оқушы басқа мектепке ауысқан. 1-сыныпқа 120 оқушы қабылданды.

2023-2024 оқу жылының басында 1278 оқушы құрады: 1-4 сынып аралығында 481 оқушы, 5-9 сынып аралығында 638 оқушы,10-11 сынып аралығында 159 оқушы.

Түркістан облысы, Сауран ауданы,
Ескі Иқан ауылдық округі, Ескі Иқан ауылы,
Г. Бабажанов көшесі, №3 ғимарат
Записаться
это поле обязательно для заполнения
Ваше имя:*
это поле обязательно для заполнения
Телефон:*
это поле обязательно для заполнения
E-mail:*
это поле обязательно для заполнения
Область ввода:*
это поле обязательно для заполнения
Галочка*
Спасибо! Форма отправлена