55223027_2
фото-1
казахстан

Тәрбие жұмысы

Мектептегі тәрбие саласы
Тәрбиесіз берілген  білім – адамзаттың қас жауы.
Әбу Насыр әл Фараби

Баланың тұлғасын қалыптастыруға әсер ететін мүмкіндіктер мен ұжым мүшелерінің рухын анықтайтын оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың тұлғааралық қатынастарының сипаты мен принциптері назарда болуы керек.
Мүғалім де, оқушы да мектептен өз орындары мен рөлін таба алса ғана мектеп бейнесі жеке мәнге және маңызға ие бола алады.
Мектептің тәрбие жүйесі – жеке тұлғаның дамуына тиімді және мақсатты әсер ететіндей етіп құрылған, реттелген тәрбие үрдісінің құрамды бір бөлігі.Тәрбие жүйесі – білім беру мекемесінің әлеуметтік, табиғи, мәдени орталықтармен өзара байланыс жасайтын бірден-бір ашық жүйе болып табылады.

Психологиялық қызмет
Психологиялық қызмет
Мектептегі психологиялық қызметке қойылатын талаптар өте көп. Осы  талаптарды орындау психологтың  кәсіби біліктілігіне, шығармашылық ізденісіне байланысты.  

Басты талаптар:
  • балалардың мектептегі оқуға даярлығын анықтау;
  • бастауыш сынып оқушыларының мектепке бейімделуін тездету және үлгермеушілікті болдырмаудың алдын-алу мақсатында пән мұғалімдерімен бірлесе отыра арнаулы бағдарламалар жасау;
  • оқушылардың дамуындағы «дағдарыс», «өтпелі», «қиын» кезеңдерге үлкен жауапкершілікпен қарап, бұл кезеңдерді арнайы бақылауға алу;
  • үлгерімі, тәртібі төмен оқушылармен диагностикалық-коррекциялық жұмыстар жүргізу;
  • оқушылардың ұстаздарымен, ата-аналарымен, өз құрбыларымен қарым-қатынас бірлігін орнату;
  • кәсіптік бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру;
  • мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге, ата-аналарға оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық мәселелері, өзара қарым-қатынас үлгілері, оқушылардың психикалық процестерінің даму заңдылықтары туралы психологиялық  кеңестер беру.
Түркістан облысы, Сауран ауданы,
Ескі Иқан ауылдық округі, Ескі Иқан ауылы,
Г. Бабажанов көшесі, №3 ғимарат
Записаться
это поле обязательно для заполнения
Ваше имя:*
это поле обязательно для заполнения
Телефон:*
это поле обязательно для заполнения
E-mail:*
это поле обязательно для заполнения
Область ввода:*
это поле обязательно для заполнения
Галочка*
Спасибо! Форма отправлена